ruenkz

Thales Чилидің Калама қаласында әуе қозғалысын басқарудың күн энергиясын пайдаланатын әлемдегі алғашқы толықтай тұрақты радиолокациялық станцияны іске қоспақ

Салынған уақыты 26.04.2022 15:52

Технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы Thales компаниясы 100% экологиялық таза күн энергиясымен жұмыс істейтін жаңа революциялық радиолокациялық станция арқылы Чилидегі әуе қозғалысын бақылау жүйесін және ұшу қауіпсіздігін жетілдірмекші. Атакама шөлінде орналасқан Калама қаласындағы алғашқы радиолокациялық жүйе аймақта күн сәулесінің жоғары деңгейін толық пайдалану үшін 330 күн батареясын пайдаланады.

Thales компаниясы Азаматтық авиацияның бас дирекциясы (DGAC), Чили азаматтық авиация басқармасы үшін әзірлеген күн батареясы негізінде жұмыс істейтін радиолокациялық станция жетілдірілген және тиімді бастапқы Star NG (Next Generation) радарынан, сондай-ақ екінші РSM радарынан тұрады. Бұл радарлар азаматтық және әскери әуе кемелерінің әуе қозғалысын басқару үшін жедел бақылауға қойылатын барлық талаптарды қамтамасыз етеді және тікұшақтар, коммерциялық ұшақтар және реактивті ұшақтар сияқты баяу және жылдам қозғалатын нысаналарды анықтайды. Жүйе, сонымен қатар, жел электр станцияларынан қорғайтын сүзгілерді қамтиды.

Балама және экологиялық таза электр энергиясын өндіру тұрғысынан инновация –күн батареяларының жиынтығын ғана емес, сонымен қатар әртүрлі нысандарда қолдануға болатын тиімді және жан-жақты энергия тарату жүйесін қамтитын шешім. Батареяларды әзірлеудің жетілдірілген технологиясы, сондай-ақ резервтік генераторлар радиолокациялық станцияның барлық жұмысын қамтамасыз ету және оны электр қуатының үзілістерінен немесе тұрақты көздерге шектеулі рұқсаттардан қорғау үшін қолданылады.

4200