ruenkz

12 маусымнан бастап Милан – Алматы – Милан бағытындағы тікелей жолаушылар әуе рейстері ашылады

Салынған уақыты 25.04.2022 11:07

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Италия авициялық билігінің арасындағы қолданыстағы өзара уағдаластық келісім аясында аталған елдер арасында тұрақты әуе рейстерін орындау үшін құқықтық база құрылды.
Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева италиялық «NEOS» әуе компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар Алматы және Милан қалалары арасында халықаралық әуе рейстерін ашу туралы келісім жасады. Милан – Алматы – Милан бағытындағы тұрақты әуе рейстері ағымдағы жылдың 12 маусымынан басталады деп күтілуде. Жолаушылар тасымалы әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері Boeing 737 және 787 әуе кемелері арқылы жүзеге асырылмақ.
Сондай-ақ кездесу барысында тараптар тікелей әуе рейстерінің ашылуы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың одан әрмен дамуына тигізетін маңызына назар аударды.

2328