ruenkz

Delta Air компаниясы Starlink спутниктік интернетті тексерді

Салынған уақыты 20.04.2022 15:01

Delta Air Lines Inc. американдық авиакомпаниясы SpaceX компаниясының Starlink спутниктік интернетін ұшақ бортында сынап көрді, деп жазады Интерфакс-Қазақстан The Wall Street Journal-ға сілтеме жасай отырып. Delta Air авиакомпаниясы әуе кемесінің бортындағы интернет тез және ақысыз болуы керек деп санайды.

Қазіргі уақытта авиакомпаниялар ұшақтардың бортында сымсыз интернетті жақсартудың жаңа мүмкіндіктерін белсенді іздеуде. Бұл функция әсіресе бизнес-класс жолаушылары арасында сұранысқа ие, олар көбінесе желіде және байланыста болуды қажет етеді. Intelsat SA және Viasat сияқты спутниктік компаниялар ұшақтарға Wi-Fi жабдықтарын ұсынады.  

SpaceX компаниясы Starlink спутниктік бөлімшесі әуе тасымалы нарығында өз орнын табуға тырысады. Компания АҚШ-тың байланыс жөніндегі Федералдық комиссиясынан (Federal Communications Commission, FCC) ұшақтарда спутниктік Интернетке сынақ жүргізуге рұқсат алды. Бірақ ол сонымен қатар жабдықты толық пайдалануға енгізбестен бұрын АҚШ федералды авиация әкімшілігінде (Federal Aviation Administration, FAA) сертификаттаудан өтуі керек.

1877