Алматы әуежайының жаңа терминалының құрылысы 2024 жылы аяқталады
Салынған уақыты 19.04.2022 09:37
Алматы қаласы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысы жүріп жатыр. Оны 2024 жылдың жазында аяқтауды жоспарлап отыр inform.kz.
«Біз VIP терминал ғимаратының тарихи мұрасын сақтау қажет деп санаймыз. Бұл мәселе мұқият пысықталуда. Қолданыстағы терминал ғимаратына бес млн доллар инвестицияланды. Әуежайдың қауіпсіздік жүйесіне бір млн доллардан астам қаражат жұмсалады. Алматы халықаралық әуежайында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Алматы халықаралық әуежайының президенті Ерсой Альп Эр Тунга.
Құрылыс кезінде әуежай өз жұмысын тоқтатпайды. Компания жаңа терминал жобасына 200 млн. доллардан астам инвестиция салады.
3108