Шетелдік делегацияларды тасымалдау үшін ЕАЭО-ға ұшақтарды уақытша әкелуге баж салығы салынбайды
Салынған уақыты 15.04.2022 11:27
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешімінің тиісті жобасы ЕАЭО құқықтық порталында орналастырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz. Шетелдік делегацияларды тасымалдау үшін ұшақтарды Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) аумағына уақытша әкелуді бажсыз ету ұсынылады.
Жоба ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің 8802 40 003 5 және 8802 40 003 6 (сыйымдылығы 50-ден 300-ге дейін жолаушылар креслолары және «өзгелері») тауар номенклатурасының кодтары бар ұшақтарға қатысты. Оларға кедендік әкелу баждарының ставкалары тиісінше 7,5% және 12,5% мөлшерінде белгіленген.
Егер олар «көрме-конгресс іс-шараларына, халықаралық форумдарға, көпжақты және екіжақты үкіметтік кездесулерге, әскери мақсаттағы өнімдердің халықаралық көрмелеріне және өзге де осыған ұқсас халықаралық іс-шараларға қатысатын шетелдік адамдарды тасымалдау үшін Одаққа мүше мемлекеттің аумағы шегіндегі тұрақты емес ұшуларда» пайдаланылса, мұндай лайнерлерді баж салығынсыз әкелу 14 күнге дейінгі мерзімге белгілеу ұсынылады. Құжатты қоғамдық талқылау 7 мамырға дейін жалғасады.
1977