Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға әуе рейстерінің жиілігі артады
Салынған уақыты 04.04.2022 17:28
Қазақстандық авиатасымалдаушы 14 шілдеден бастап Оңтүстік Кореяға ұшатын рейстердің жиілігін арттырады деп хабарлайды Tengritravel.kz.
«Эйр Астана» авиакомпаниясы Алматыдан Сеулге және кері қарай аптасына төрт рет ұшуларды жүзеге асыратын болады. Алматыдан Сеулге әуе рейстері дүйсенбі және сәрсенбі күндері, ал кері қарай - сейсенбі және бейсенбі күндері орындалатын болады. Бұған дейін «Эйр Астана» 2020 жылдың 20 маусымынан бастап бір апта ішінде Оңтүстік Кореяға Asiana Airlines әуекомпаниясымен қатар аптасына бір рет екі рейс орындаған болатын.
1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы қазақстандық азаматтарға қатысты визалық талаптарды өзара жою туралы келісімнің қолданысы қайта басталады. Бұған дейін оны Оңтүстік Корея тарапы covid-19 пандемиясына байланысты тоқтатты. Осылайша, Қазақстан азаматтары - ұлттық паспорттардың иелері Корея Республикасына 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз кіре алады.
2433