ruenkz

Орал қаласының әуежайына Ұлы Отан соғысының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілді

Салынған уақыты 29.03.2022 08:44

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 наурыздағы қаулысымен Орал қаласының әуежайына Ұлы Отан соғысының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілді.
Қазіргі уақытта Орал қаласы әуежайының аэровокзал кешенін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба аяқталуда.
Жобада аэровокзал алаңын 4-тен 10 мың шаршы метрге дейін ұлғайту, өткізу қабілетін арттыру, заманауи технологиялық жабдықты орнату көзделген. Жобаны іске асыру әуежайдың жерүсті инфрақұрылымын жақсартуға, қауіпсіздік пен қызмет көрсету стандарттарын арттыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде ұшу географиясын кеңейту мүмкіндігіне оң әсер етеді.
Қазіргі уақытта Орал қаласының әуежайынан "Эйр Астана" әуекомпаниясы Орал - Франкфурт халықаралық әуе бағытын аптасына 1 рет жиілікпен орындайды.

 
 

 

415