ruenkz

ИКАО-ның Еуропа өңірінің шығыс бөлігінде ӘҚҚ маршруттарын дайындау жөніндегі тобының кеңесі

Салынған уақыты 18.04.2018 09:21

ИКАО-ның Еуропа өңірінің шығыс бөлігінде ӘҚҚ маршруттарын дайындау жөніндегі тобының кеңесі

  2018 жылғы 10-13 сәуір аралығында Париж қаласында (Франция) RDGE/28 ИКАО-ның Еуропа өңірінің шығыс бөлігінде ӘҚҚ маршруттарын дайындау жөніндегі тобының 28-кеңесі өтіп, оған «Қазаэронавигация» РМК қызметкерлері қатысты.

RDGE/28 кеңесіне 23 ТМД елдерінің, шығыс пен батыс Еуропаның және халықаралық ұйымдардың (ICAO, EUROCONTROL, IATA, ИАКА) 63 өкілі қатысты.

RDGE тобының кеңестеріндегі күн тәртібінің тармақтарына сәйкес RDGE ӘҚҚ маршруттарының каталогына ұсыныстар қаралды.

ИКАО мен  «EUROCONTROL» өкілдері ИКАО-ның стандарттары мен процедуралары бойынша соңғы өзгерістер жөніндегң, Еуропа өңірінде ӘҚҚ маршруттарының желісін дамыту жөніндегі есептерді ұсынды.

RDGE ӘҚҚ маршруттарының каталогына ұсыныстарды қарау үшін RDGE тобы 4 жұмыс кіші тобына бөлінді – Балтық өңірі, Қара теңіз бен Оңтүстік Кавказ аймағы, Орталық Азия аймағы, Қиыр Шығыс аймағы.

Орталық Азия кіші тобының жұмысына Әзірбайжанның, Арменияның, Иранның, Ирактың, Қазақстанның, Түркменстанның, Ресей Федерациясының, Өзбекстанның, ИКАО және ИАТА-ның өкілдері қатысты.

Осы кіші топ отырысында Орталық Азия өңірінің маршруттар каталогына және интерфейсіне енгізілген ӘҚҚ 56 маршруты бойынша ұсыныстар мен түзетулер, сондай-ақ ӘҚҚ жаңа маршруттары бойынша 9 ұсыныс қаралды.

Келесі RDGE/29 кеңесі 2018 жылғы қараша айына жоспарланған.

1591