Еуропаның әуежайлары мен авиакомпаниялары барлық шектеулерді алып тастауды талап етуде
Салынған уақыты 25.03.2022 10:25
Халықаралық әуежайлар кеңесі (ACI Europe) және халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) көптеген еуропалық мемлекеттер COVID-19 ішкі шектеулерін алып тастағанын айтып, ЕО мен Шенген аймағындағы коронавирусқа қатысты барлық шектеулерді алып тастауға шақырды.
«11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусын жаһандық пандемия деп жариялағанына екі жыл толады. Осы уақыт ішінде біз шекаралық шектеулердің тиімсіз екендігі туралы көптеген дәлелдер алдық. Бүгін жарияланған тәуелсіз зерттеулер мен модельдеу үкіметтер шектеулерді сенімді түрде алып тастай алатындығын көрсетеді. Жол жүру шектеулері вирустың таралуына іс жүзінде әсер етпейтін дұрыс емес құрал болып шықты. Барлық covid-19 шектеулерін алып тастау қозғалыс еркіндігін толығымен қалпына келтіреді. Бұл пандемия кезінде жүздеген мың жұмыс орнын жоғалтуға мәжбүр болған бүкіл саяхат және туризм саласы үшін қажетті ынталандыру», - деді ACI Europe бас директоры Оливье Янковец.
COVID-19 ауырлығы маусымдық тұмаудың ауырлығына жақындай түсуде, сондықтан ACI Europe және IATA ЕО-ға мүше барлық мемлекеттердегі Көлік және денсаулық сақтау министрлеріне еуроаймақ ішіндегі рейстерде жазғы маусым қарсаңында барлық сапарларға шектеулерді алып тастауды сұрап хат жіберді; вакцина алған адамдарға ЕО-ға еуропалықтар сияқты үшінші елдерден дәл осындай шарттармен кіруге рұқсат беру.
1987