ruenkz

Наурыз мейрамы

Салынған уақыты 24.03.2022 11:22

Ақтау филиалы

2021 жылғы 17 наурыз күні «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалында Наурыз мерекесі тойланды. Салтанатты шара филиал директоры Б.Қ.Молдалиевтің құттықтау сөзімен ашылды. Мерекелік шарада «Құда күту» рәсімі көрсетілді. Келген құдаларды ауыл адамдары ән-күймен, шашу шашып  көңілді күймен қарсы алды. Тек Маңғыстауда сақталған төс түйістіру дәстүрімен «құдағайлар көрісу»  рәсімін паш етті. Арнайы әзірленген ағаш үйдің ішіне жайылған ақ дастархан басына жиналды.  Шара барысында бата беру, құйрық-бауыр тарату, күйеу көрістіру, бас тарту, келіннің сәлем етуі секілді қаделер көрсетілді. Мерекелік шара той-думанға ұласты. Наурыз мерекесі бірліктің, ынтымақтың, кешірімнің және өзара   сыйластықтың мерекесі. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын. Ынтымағымыз ырысты, бірлігіміз берекелі болсын!

Атырау филиалы

Көктемгі күн мен түннің теңелуі – табиғаттың оянуының символы ғана емес, ұлы достықтың, бірлік, бейбітшіліктің, мейірімділік пен келісімнің мерекесі. Әр жыл сайын Наурыз мейрамы «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында ерекше атап өтіледі, Көрісу күні - 14 наурыздан бастап қызметкерлер жұмыста ұлттық нақыштағы киіммен жүреді, жастары кішілері жасы үлкен  әріптестерімен көрісуге асығады, үлкендерге сәлем бере отырып, бата сұрайды. Бір-біріне ұлттық тағамдарды ұсынып, жылы тілектерін арнайды.

18 наурыз күні Атырау филиалының қызметкерлері «Армысың, әз Наурыз» тақырыбындағы іс-шарасын атап өтті. Қызметкерлер арасында концерттік және сахналық қойылымдар ұйымдастырылды, Сонымен бірге  қызмет пен бөлімдер арасында «Арқан тартысу», «Асық ату», «Ләнкі ату» секілді қазақтың ұлттық ойындары өткізілді. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылары естелік сыйлықтар мен ақшалай сертификаттармен марапатталды.

 

Қарағанды филиалы 

Қарағанды филиалы «Жезқазған» АЖО–ның басшылығы және «ӘҚҰ жөніндегі қызметкерлердің салалық кәсіподағы» ҚБ Жезқазған филиалының кәсіподағы 2022 жылғы 17 наурызда «Жезқазған» алыс жердегі орнында «Наурыз» мерекесіне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекеге барлық қызметтер қатысты. Арнайы Ұлттық нақышта фотоаймақ жасалды. Мереке әнұранмен басталды.  «Жезқазған» АЖО учаске бастығының міндетін  атқарушы – ӘҚҚ аға диспетчері Б.О.Тастанбаев және Кәсіподак комитетінің төрағасы Қ.Ж.Инсепова құттықтау сөз сөйледі.

Барлық жұмыскерлер қазақ ұлттық киімдерін киіп, мерекелік атмосфера жасады.

Қазақ халқы өз ақсақалдарын өте құрметтейді және олардан бата алғысы келеді немесе қазақтар БАТА деп атайды. Наурыз мерекесінде Қыдыр ата рөлінде РТЖБПҚ 1 –санатты  инженер В.Л.Гакштетер болды, ол қазақ тілінде батасын берді.

Наурыз-бұл еңбек, бейбітшілік және достық мерекесі. Адамдар ескі реніштерді кешірді. Олар өздеріне және басқаларға жақсылық пен бақыт тіледі. Бұл күндері бата алу керек.

Құттықтаулардан кейін жұмыскерлер арасында «Қазақ әдет-ғұрыптары» тақырыбында түрлі мерекелік танымдық, қызықты конкурстар өткізілді. Байқауға қатысушыларға ұлттық нақышта бас киімдер, қамшылар, әйелдерге білезік, сырға, шолпы, шашбау және алқа сияқты түрлі сыйлықтар берілді.

Сонымен қатар, жұмыскерлерге мерекелік дастархан жайылып, үстелге түрлі ұлттық тағамдар мен «наурыз көже» ұсынылды. Жұмыскерлер өте риза болды. Мұндай іс-шаралар ұжымның бірлігін, әріптестер арасындағы дұрыс жылы қарым-қатынасты нығайтады және кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді.

532