ruenkz

Қазақстан мен Моңғолия арасында тікелей әуе рейсі ашылды

Салынған уақыты 17.03.2022 09:42

Алматы қаласы әуежайында Моңғолияның "Хунну эйр" әуе компаниясының Алматы - Ұлан-Батыр бағытындағы жаңа халықаралық рейсінің ашылуына арналған салтанатты шара өтті.

Іс-шараға Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.Баярхуу, Моңғолия Азаматтық авиация бас басқармасының әуе көлігін реттеу және саясат департаментінің директоры Г.Батбаяр, Моңғолия Азаматтық авиация департаментінің Аэронавигация және әуежай бөлімінің директоры Ч.Одгэрэл, "Хунну эйр" әуе компаниясы директоры П.Монхжаргал, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Т.Ластаев, Алматы қаласы әкімдігінің басшылығы және т.б. қатысты.

Ұлан-Батыр – Алматы – Ұлан-Батыр бағытындағы рейстер аптасына бір рет, сәрсенбі күндері 98 орындық Е-190 әуе кемесімен орындалады.

Рейстердің ашылуы екі ел азаматтарына Қазақстан мен Моңғолия арасында кедергісіз саяхаттауға, сондай-ақ сауда-экономикалық, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.

662