ruenkz

Корпоративтік мәдени даму мәселесі біздің кәсіпорын үшін маңызды

Салынған уақыты 16.03.2022 15:25

«Қазаэронавигация» РМК -ның корпоративтік мәдениеті мерекелік іс-шараларды мерекелеу, қызметкерлерді мәдени ағарту, тұрақталған дәстүріне құрметпен  қарауға бағытталған.

Ұжым ішінде  әріптестердің  туған  күндері,   Тәуелсіздік  күні,  Жеңіс күні,  Республиканың  Тұңғыш  президенті  күні, 8 наурыз, Жаңа жыл, Наурыз мейрамы, Құрбан-айт және тағы басқа  мемлекеттік  мерекелерді  атап өту  әдетке айналдырылған, кәсіпорын ішінара салт-дәстүрді сақтауға, қызметкерлерге  аталған  іс-шараларға   құрметпен қарауды тәрбиелеуге,  жалпы  елдің және ұжымның  қоғамдық  өміріне қатысуға  бағытталған  корпоративтік  іс-шараларды өткізеді.

Солардың  бірі  - жұмыскерлерді   зейнеткерлік  демалысқа  шығарып салу.

«Қазаэронавигация» РМК  Қарағанды филиалының  жұмыскерлері осы  дәстүрді сақтай  отырып,  2022 жылғы  04 наурызда  ӘҚҚ қызметі  бастығының  орынбасары  Владимир Августович Аабты   зейнеткерлікке  шығарып  салуды ұйымдастырды.

Владимир Августович Рига азаматтық авиацияның ұшу-техникалық училищесін тамамдағаннан  кейін 1978 жылдан бері Азаматтық авиация саласында Қарағанды біріккен авиаотрядының ЖДП 3-дәрежелі диспетчерінен бастап,  «Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының ӘҚҚ қызметі бастығының орынбасарына дейінгі  еңбек жолынан  өтті. Оның  осы  саладағы еңбек  өтілі   44 жыл 4 айды құрайды.  Жұмыс  кезеңінде  ол  өзін  үздік  ұйымдастырушы  және өз  ісін  білетін, сауатты  маман ретінде   көрсетті.

Мерекеде   ұжымның атынан алғыс хат және  естелік  сыйлық берілді, көптеген жылы сөздер мен тілектер айтылды,   оның  еңбек   жолын еске алды.

2394