ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК ұжымы қазақ халқының дәстүрлі 14 наурызы күні тойланатын «Көрісу күні» мерекесін тойлады

Салынған уақыты 14.03.2022 12:21

Бүгін, Атырау және Ақтау филиалының қызметкерлері жұмысқа дәстүрлі ұлттық киіммен келді, таңертең ертемен бір-бірімен көрісіп, жылы тілектерін айтты: «Жасыңыз қайырлы болсын!», «Жастан жасқа аман-есен шыға берейік!», «Бір жасыңызбен!». Дәстүр бойынша, бұл күні әулеттің жасы үлкендері мен туыстарының үйлеріне барып көрісіп, құрмет пен сый көрсетіледі.

Көрісу амалының басты шарты – үлкендерге құрмет, кішілерге қамқорлық, әлсіздер мен міскіндерді қолдау болып саналады. Бұл күні жасы кішілері үлкендерге сәлем беріп, бір-бірінің қолдарын қысып, құшақтасады. Ақсақалдар жастарға бата береді. Бұл күні бұрынғы өкпе-реніштер кешіріледі, жауласу ұмытылады. Көрісу амалы – бұл бауырластық, қарапайымдылық пен мейірімділіктің күні.

756