2022 жылдың 17 наурызынан бастап Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағын пайдалану бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылады
Салынған уақыты 14.03.2022 10:13
2022 жылғы 9 наурызда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша Ақтөбе әуежайында ұшу-қону жолағын тексеру жүргізілді.
Тексеруге Ақтөбе облысы әкімдігі, Азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы және Air Astana, SCAT, Qazaq Air әуе компанияларының өкілдері қатысты.
Кей жерлерде ұшу-қону жолағының жағдайында ақаулар, жарықшақтар, әуеайлақ плиталарының, мастиканың қабыршақтануы анықталды.
Белгіленген талаптарға сәйкессіздікті, сондай-ақ азаматтар үшін ұшу қауіпсіздігінің басымдығын ескере отырып, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ағымдағы жылдың 17 наурызынан бастап Ақтөбе әуеайлағының ұшу-қону жолағын пайдалануды бұзушылықтарды жойғанға дейін тоқтату туралы шешім қабылдады.
Өз кезегінде Ақтөбе облысының әкімдігі қысқа мерзімде әуеайлақ плиталарын ауыстыру және жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға дайын.
Әуежайды пайдаланушы бірінші кезекте ауыстыруды талап ететін плиталарды анықтай отырып, тексеру актісін жасауда және әуеайлақтың ұшу-қону жолағына ағымдағы жөндеу жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуде.
Азаматтық авиацияны реттеудің еуропалық моделін енгізу шеңберінде құрылған Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшу қауіпсіздігінің қатаң талаптарын сақтауды ұстанатынын атап өту қажет.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына техникалық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.
2258