ruenkz

Авиациялық қауіпсіздік және әуе көлігі объектілерін қорғау мәселелері қаралды

Салынған уақыты 03.03.2022 08:54

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-да авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау мәселелері бойынша кезекті республикалық кеңес өткізілді.

Шараға ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің, ҚР Бас көлік прокуратурасының, "Қазаэронавигация" РМК,     ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің өкілдері, сондай-ақ әуежайлардың, авиакомпаниялар қатысты.

Елдегі авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйі және террористік тұрғыдан осал әуе көлігі объектілерінің қорғалуы, сондай-ақ 2022-2023 жылдарға жоспарланған іс-шаралар мәселелері қаралды.

Қазіргі уақытта әлемде болып жатқан террористік актілер нәтижесінде орын алып отырған қауіпсіздікке төнетін ықтимал қатерлерді түсіне және ескере отырып, мемлекеттердің көпшілігі әуе көлігіндегі қауіпсіздік шараларын күшейту саясатын белсенді жүргізуде.

Осыған байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілдері кеңес барысында 2020-2021 жылдардың қорытындыларын жариялады, сондай-ақ азаматтық авиация объектілерін заңсыз араласу актілерінен қорғау бөлігінде осы жылғы қаңтардағы оқиғалар талқыланды.

Әуежайлар мен авиакомпаниялардың баяндамалары тыңдалды, оның ішінде азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауды жетілдіру жөнінде сындарлы ұсыныстар түсті. Барлық ұсыныстар Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік департаментімен жұмысқа қабылданды.

Кездесу қорытындысы бойынша әуежайлар мен авиакомпанияларға тәуекелдерді тұрақты талдау мен бағалауды жүзеге асыру, объектілердің қорғалу жағдайына сапалы және үздіксіз мониторинг жүргізу және азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

2680