ruenkz

Авиакомпания аэротакси паркін құрады

Салынған уақыты 01.03.2022 14:15

AirAsia Оңтүстік-Шығыс Азияға қысқа рейстерді орындау үшін тік ұшып, қонатын 100-ге жуық ұшақты жалға алуды жоспарлап отыр. Ұшулар үшін VX4 eVOTL ұшақтары пайдаланылады, онда ұшқыш пен төрт жолаушы орналасады, деп хабарлайды Tengritravel.kz Тravel Weekly-ге сілтеме жасай отырып.

Әуе кемесінің сипаттамаларына сүйенсек, Аэротакси шамамен 160 шақырым қашықтыққа ұшуға арналған. Ұшақтарды Avolon лизингтік компаниясы жеткізеді, ол өткен жазда жалпы құны 2 миллиард доллар болатын 500 ұшаққа тапсырыс берді. Бағдарламаға Оңтүстік Америкадағы Japan Airlines және Gol авиакомпаниялары да қатысады.

Avolon компаниясы аэротаксиді іске қосумен қатар, AirAsia компаниясымен нөлдік шығарындылары бар eVTOL ұшақтарын «коммерцияландыру» және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қалалық әуе ұтқырлығы платформасын әзірлеу үшін ынтымақтасуға ниетті. Екі компания жергілікті сертификаттауды жүргізу, нарықтың әлеуетті мүмкіндіктері мен инфрақұрылымға қойылатын талаптарды зерттеу үшін жұмыс тобын құрады.

2049