ruenkz

Қазақстанның әуе кеңістігімен өтетін транзиттік ұшақтар саны артты

Салынған уақыты 28.02.2022 15:31

"Қазронавигация" РМК Қазақстанның батыс облыстары арқылы транзиттік рейстердің күрт өсуіне байланысты әуе қозғалысын басқару жүйесінің өткізу қабілетін арттыру бойынша уақтылы шаралар қабылданғанын хабарлайды.
Ағымдағы тәулікте Қазақстанның әуе кеңістігіндегі рейстердің жалпы саны үш еседен астамға ұлғайды, бұл 450-ден астам рейс. Әуе кеңістігін басқару жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді және осы жүктемелерге шыдауға мүмкіндік береді. "Қазаэронавигация" РМК диспетчерлік құрамы жұмыс көлемін ұлғайтуға дайын.
Барлық рейстерге уақытылы және сапалы қызмет көрсетілетінін мәлімдейміз. Біздің басты міндетіміз-қауіпсіз және үздіксіз әуе қозғалысын қамтамасыз ету.

 

820