Қазақстан мен Катар арасында әуе рейстерінің саны артады
Салынған уақыты 28.02.2022 15:08
Қазақстан мен Катар арасында әуе рейстерінің саны артады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
«Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2022 жылғы 8 наурыздан бастап Qatar Airways катарлық авиакомпаниясы Доха - Алматы - Доха бағыты бойынша рейстер санын аптасына екіден үш рейске дейін және 2022 жылғы 19 наурыздан бастап аптасына үш рейстен төрт рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Рейстер А320 типті әуе кемесінде дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпания сайтындағы кестеге сәйкес орындалатын болады.
1671