Airbus A320neo ұшақтарының тапшылығынан Air Lease компаниясы 50 Boeing 737 MAX ұшақтарына тапсырыс берді
Салынған уақыты 23.02.2022 14:44
Airbus шығарған 100-ден астам тар фюзеляжды ұшақтарға ірі тапсырыс орналастырылғаннан кейін үш айдан соң Air Lease Corporation (ALC) лизингтік компаниясы 50 Boeing 737max сатып алады.
Жаңа тапсырыс 32 MAX (-8 және -9 нұсқаларында) және тағы 18 В-737 ұшағынан тұрады, оны компания үш кең фюзеляжды B-787 ұшақтарының орнына алады. Жаңа ұшақтарды жеткізу 2024 жылдан 2026 жылға дейін жоспарланған.
ALC тар фюзеляжды ұшақтар паркін ұлғайтуда, ағымдағы жылы бүкіл әлем бойынша әуе тасымалдарының ішкі нарықтарының қарқынды қалпына келу толқынында осы сегментте сатылымның өсуін күтуде. Өткен жылдың желтоқсан айында лессор Dubai Air Show 2021 авиа шоуында қол қойған хаттамасына сәйкес, 116 дана Airbus ұшақтарын, оның ішінде 25 дана A220-300 кроссоверін, 59 дана A321neo, 20 дана ультра алыс A321neoXLR, 5 дана кең фюзеляжды A330-900 және 7 дана жүк A350F ұшағын сатып алуға тұрақты тапсырыс берді.
2132