ruenkz

Азаматтық авиация саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды

Салынған уақыты 21.02.2022 15:46

2022 жылғы 14 ақпанда бейнеконференц-байланыс режимінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
Берік Қамалиевтің төрағалығымен азаматтық авиацияны дамыту мәселелері бойынша салалық кеңес өтті. Іс-шараға Азаматтық авиация комитетінің, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның, отандық авиакәсіпорындардың, сала ардагерлерінің, «Атамекен» ҰКП Логистика және тасымалдау комитетінің және Қазақстандық шағын авиация қауымдастығының өкілдері қатысты. Кездесу барысында 2021 жылдың қорытындылары мен 2022 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Сонымен қатар, «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Азат Бектұров баяндама жасады. Өз баяндамасы барысында Бас директор өндірістік көрсеткіштердің үдемелі өсуі және ұшу қауіпсіздігі деңгейінің артуы туралы хабарлады. Өз сөзінде Азат Бектұров «ҚР аэронавигациялық жүйесінің ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейі 2021 жылы ИКАО стандарттарына сәйкестіктің 87%-дан 95%-ға дейін айтарлықтай өскенін көрсетті, бұл ретте қауіпсіздікті қамтамасыз етудің орташа деңгейі 84%-ды құрады, бұл орташа әлемдік көрсеткіштен 15%-ға жоғары. Біз навигацияның жерүсті және спутниктік жүйелерін пайдалана отырып, озық технологияларды белсенді түрде енгіземіз. Қазір PBN сипаттамаларына негізделген навигацияны енгізу процесі жүріп жатыр. Шын мәнінде, бұл жердегі радиомаяктарды қолдануға негізделген дәстүрлі навигацияны ауыстыруға келген спутниктік жүйелерді қолдану болып табылады. 2019 жылы навигацияның бұл түрі Нұр-Сұлтан әуеайлағында және Қазақстанның жоғарғы әуе кеңістігінде, 2020 жылы Алматы әуеайлағында енгізілді. 2022 жылы Ақтау, Атырау, Шымкент, Өскемен және Үшарал әуеайлақтарында енгізу жоспарлануда».

Жалпы кеңес өткен жылғы саланың елеулі жетістіктерін көрсете отырып және таяу кезеңдегі алда тұрған міндеттерді талқылай отырып, нәтижелі өтті.

2768