Өзбекстан елдегі ең заманауи тар фюзеляжды ұшақты сатып алды
Салынған уақыты 21.02.2022 13:31
Өзбекстанның Uzbekistan Airways мемлекеттік авиакомпаниясы елдегі ең заманауи тар фюзеляжды Airbus A321LR ұшағын сатып алды. Аталған ұшақ CDB Aviation компаниясынан лизингке (жалға) алынды.
Тар фюзеляжды деп креслолар арасындағы салонда бір өткелі бар ұшақ саналады. Кең фюзеляжды авиалайнерлерде осындай екі өткел бар.
14 ақпанда жаңа әуе кемесі Airbus зауыты орналасқан Гамбург қаласынан Ташкенттегі Өзбек авиатасымалдаушысының базалық әуежайына жеткізілді.
A321LR ұшағымен 240-қа жуық жолаушы тасымалдауға болады, бірақ Uzbekistan Airways нұсқасында оған 188 орындық орналастырылды: бизнес-класс салонында 16 және эконом — класта 172 орындық бар. Салондар бір-бірінен стационарлық шымылдықтармен бөлінген.
Бизнес-класста қатарға төрт кресло, эконом-класста қатарға алты кресло орналастырылған. Орындықтарда ойын-сауық жүйесі жоқ, бірақ электрондық құрылғыларды зарядтау үшін USB порттары орнатылған. Ұшу алдында жолаушылар ойын-сауық мазмұнын гаджетіне жүктей алады, содан кейін қажет болған жағдайда оны ұшу кезінде зарядтай алады.
Модель атауындағы LR әріптері - Long Range, яғни ұзақ диапазонды дегенді білдіреді. A321LR ұшағы қосымша үш жанармай багының арқасында 7400 км дейінгі қашықтыққа ұша алады. Мұндай көрсеткіш Uzbekistan Airways компаниясына Еуропа, Таяу Шығыс, Үндістан, Таиланд, Қытай және Кореяға рейстерді орындауға мүмкіндік береді.
2022 жылдың соңына дейін Өзбекстан авиатасымалдаушысы зауыттан осындай тағы төрт ұшақты алып, парктегі ұшақтар санын бес бірлікке дейін арттыруды жоспарлап отыр.
2696