Таиланд алғашқы әуе шоуын 2025 жылы өткізеді
Салынған уақыты 15.02.2022 10:55
2025 жылы тағы бір халықаралық авиациялық шоу өткізіледі. АСЕАН «Шығыс экономикалық дәлізінде» коммерциялық авиацияны жылжыту және дамыту мақсатында Таиланд 2025 жылы өзінің Thailand International Airshow Халықаралық әуе шоуын ұйымдастырады. Іс-шара Паттайядағы жаңадан жаңартылған Утапао әуежайында (UTP) өтеді.
2018 жылы Таиландта авиациялық компоненттер мен жабдықтардың экспорты 3,2 млрд долларға жетті. Таиландтың көрмелер және конвенциялар Бюросының (TCEB) Президенті Чируит Аютаяның айтуынша, «Әуе шоуы Таиландты авиациялық өнімдерді өндіруші және экспорттаушы ретінде алға жылжытуға арналған».
Утапао әуежайы Таиландтың Әскери-теңіз күштерінің қарамағында. Мұнда бұрыннан бар туристік ағындарға қосымша авиациялық қосалқы бөлшектер өндірісін, сондай-ақ авиатехникаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді дамыту жоспарлануда.
Авиация және логистика ел дамуының жаңа 20 жылдық Жоспары бойынша Таиландтың бес стратегиялық саласының тізіміне кіреді.
Таиланд тақ жылдары Бангкокта қорғаныс және қауіпсіздік көрмесін өткізеді. Қазір Оңтүстік-Шығыс Азияда тек Сингапур мен Малайзия өздерінің жеке әуе шоуларын жұп жылдарда ұйымдастырады, ал Singapore Airshow, Langkawi International Maritime and Aerospace Exhibition – тақ жылдарда.
Тақ жылдары Мәскеу аэроғарыштық салоны (МАКС) және Ле Буржадағы Париж авиасалоны да өтеді.
2329