ruenkz

Құрметті зейнеткерлік демалысына шығарып салды

Салынған уақыты 14.02.2022 08:37

«Қазаэронавигация»  РМК Ақтау филиалының ұжымы өзі ісінің майталманы, біліктілігі жоғары маман Есбергенов Дастан Айымұлын құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.

Үздік дәстүр бойынша «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалының директоры Б.К.Молдалиев  және басқа  да  үзеңгілес бірге жұмыс жасап келе жатқан  әріптестері жүрекжарды тілектерін айтып, ұзақ жылдар бойы атқарған адал еңбегі үшін алғыс білдірді.

Дастан Айымұлының бүкіл еңбек жолы авиация саласына арналған. 1979 жылы Алматы байланыс электротехникумын аяқтаған соң, алғашқы еңбек жолы Маңғышлақ біріктірілген авиаотрядының Бейнеу әуежайында радиотехник қызметінен бастады.  Бейнеу әуежайының бастығы,   ал 2015 жылдан бастап РТЖБП қызметі РЛ және РН кешенінің 2-санатты инженері лауазымында зейнеткерлік демалысқа  шыққанға дейін қызмет атқарды.                                            

Есбергенов Дастан Айымұлы көптеген марапттарға ие болды, өзінің абыройлы еңбегі үшін «Құрметті авиатор» жоғары дәрежелі марапатқа ие болды. 

554