ruenkz

Қазақстандық FlyArystan лоукостері 23 ақпаннан бастап Алматыдан Екатеринбургке және Омбыға, сондай-ақ Нұр-Сұлтаннан Екатеринбургке тұрақты рейстер ашады

Салынған уақыты 10.02.2022 09:40

Өткен жылдан бастап Air Astana ұлттық тасымалдаушының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын бюджеттік авиакомпания Нұр-Сұлтаннан Новосибирск пен Омбыға, және Қарағандыдан Мәскеуге тұрақты рейстерді жүзеге асырады. «Осылайша, біздің рейстеріміз ресейлік жолаушыларға Қазақстан астанасына барып қана қоймай, республиканың оңтүстік өңірлеріне де саяхаттауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті FlyArystan маршруттық желісін жоспарлау жөніндегі басшы Ренат Әбілханов.

2021 жылдың қорытындысы бойынша FlyArystan Қазақстан ішінде де, одан тыс жерлерде де 44 маршрут бойынша 3 млн-нан астам жолаушы тасымалдады. Бүгінде оператордың халықаралық маршруттық желісінде Қазақстаннан Ресейге, БАӘ-ге, Грузияға, Өзбекстанға, Түркияға және Қырғызстанға тұрақты және чартерлік рейстер бар. Компания флоты эконом класты 180 орындыққа құрастырылған 10 Airbus A320 ұшағынан тұрады.

2296