ruenkz

Әзірбайжандық авиакомпания Қазақстанға рейстерді қайта іске қосады

Салынған уақыты 08.02.2022 08:40

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы рейстердің жиілігі 18 ақпаннан бастап артады, деп хабарлайды Tengritravel.kz ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасай отырып.

Ведомствода Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2022 жылғы 18 ақпаннан бастап ЗАО «Азербайджан Хава Йоллары» Әзірбайжандық авиакомпаниясы Ақтау мен Баку қалалары арасында аптасына үш рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі) A319 үлгісіндегі әуе кемесінде тұрақты рейстерді қайта іске қосуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

«Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Аталған бағыт елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал ететін болады», - деп атап өтті ААК.

692