ruenkz

Boom Supersonic компаниясы Конкорд-тың аналогын жасап шығарады

Салынған уақыты 04.02.2022 11:07

Boom Supersonic американдық компаниясы Солтүстік Каролина штатындағы Пидмонт Триед әуежайында Overture дыбыстан ұшқыр, жаңа жолаушылар ұшағын шығаратын зауыт салады. Бұнда соңғы жинақ цехі, сынақ бөлімі және ұшақтарды клиенттерге тапсыру орталығы орналастырылады.

Бас ғимараттың аумағы 37 мың шаршы метрді құрайды, бұл бес футбол алаңына тең. Зауыттың жалпы аумағы – 26 гектар. Boom Supersonic зауыт құрылысын 2022 жылы бастайды. Overture ұшақтарының өндірісі 2024 жылы басталады. Бірінші авиалайнерді шығару 2025 жылға, бірінші сынақ ұшуы – 2026 жылға, коммерциялық маршруттарға шығу – 2029 жылға жоспарланған.

Overture ағылшын-француз дыбыстан ұшқыр жолаушылар ұшағының (Конкорд) заманауи аналогы болады. Жаңа авиалайнер 65-тен 88-ге дейін жолаушыны қабылдай алады және 7,9 мың км қашықтыққа ұшады. 1 800 км/сағ жылдамдығының арқасында Нью-Йорктен Лондонға ұшу 3,5 сағатты, ал Нью-Йорктен Франкфуртқа ұшу 4 сағатты алады. Overture ерекшелігі – ұшу биіктігі 18000 метр. Одан сіз ғарыштың көк түстерін және жердің дөңгелектігін көре аласыз. Жоба көмірқышқыл газының шығарындыларын арттырмайтын экологиялық таза отынды пайдалануды қарастырады.

2150