Аэронавигациялық ақпаратты басқару/Ақпаратты жалпыжүйелік басқару тобының 14-кеңесі
Салынған уақыты 06.04.2018 15:01
2018 жылғы 27-28 наурыз күндері Брюссель қаласында (Бельгия) Аэронавигациялық ақпаратты басқару/Ақпаратты жалпыжүйелік басқару тобының 14-кеңесі өтті.
Кеңеске Еуропа азаматтық авиация конференциясына (ЕААК) мүше елдердің аэронавигациялық ақпарат қызметтері мен азаматтық авиация әкімшілігінің уәкілетті өкілдері, ICAO, EASA, ЕУРОБАҚЫЛАУ халықаралық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Jeppesen, Lufthansa Systems FlightNav, NavBlue, Avitech компанияларының өкілдері (65 қатысушы) қатысты.
Кеңесте AIM/SWIM тобының кіші топтарының баяндамалары, ICAO мен EASA-дан өңірлік белсенділіктер туралы ақпарат, Еуробақылаудан ААБ-мен байланысты белсенділіктер туралы ақпарат тыңдалды, атап айтқанда: Аэронавигациялық ақпарат қызметтерінің еуропалық деректер базасы (EAD), Еуропа әуе қозғалысын ұймыдастыру жүйесіне ақпараттық қызмет көрсету (EAIMS), ұшқышсыз ұшу аппараттарының әуе қозғалысына қызмет көрсету (UTM) және 3-деңгейлі ӘҚҰ шеберлік жоспары.
Сонымен қатар, ICAO-ның Ақпаратты басқару жөніндегі сарапшылар тобының қызметіне қысқаша шолу, Аэронавигация жөніндегі жаһандық салалық симпозиумның (GANIS) және Қауіпсіздік пен аэронавигация жөніндегі симпозиумның (SANIS) қорытындылары, сондай-ақ Ақпаратты жалпыжүйелік басқару жөніндегі ерекшеліктер мен нұсқаулықтарды әзірлеу қызметіне шолу қаралды.
Кеңеске «Қазаэронавигация» РМК аэронавигациялық ақпаратты басқару жөніндегі департамент директорының орынбасары Д. Нарбеков қатысты.
1607