Boeing компаниясы ұшақтардың жаңа моделін іске қосады
Салынған уақыты 03.02.2022 11:14
Boeing компаниясы Qatar Airways-пен $20 млрд-қа контактіге қол қойылғаннан кейін 777-8 Freighter жүк ұшағының жаңа моделін іске қосқанын мәлімдеді. Өндірушінің айтуынша, әуе кемесі авиация тарихындағы 2 қозғалтқышы бар жүк ұшақтарының ішіндегі ең үлкені болады.
Boeing компаниясының мәлімдеуі бойынша 777-8 Freighter 118 км қашықтықта 8 100 тоннаға дейін коммерциялық жүк тасымалдай алады. Бұл алыс қашықтықтарға жүктерді тасымалдау кезінде авиакомпаниялар аралық әуежайларда алымдарды төлеуден үнемдей алатындығын білдіреді. Ұшақтың үнемділігі композитті көміртекті талшықты жеңіл қанаттар мен жаңа қозғалтқыштармен қамтамасыз етіледі.
Qatar Airways компаниясы да болашақта 50-ге жуық Boeing 737-10 (бұрынғы Boeing 737 MAX 10) орташа магистральды жолаушылар ұшағын жеткізу мүмкіндігі туралы меморандумға қол қойды.
Егер құжат толыққанды келісімшартқа айналса, онда ол 25 авиалайнерді және 25 әуе кемесіне тағы опционды сатып алуды көздейтін болады. Boeing 737-10 ұшағының максималды сыйымдылығы – 230 жолаушы.
2034