ruenkz

Қазақстан мен Кувейт арасындағы әуе рейстерінің саны артады

Салынған уақыты 02.02.2022 13:35

2022 жылғы 1 ақпаннан бастап Кувейттің "Jazeera Airways" әуе компаниясының Алматы - Эль-Кувейт бағытындағы тұрақты рейстерінің саны артып, енді аптасына 2 емес, сейсенбі, сәрсенбі және жексенбі күндері 3 рейс орындалады.
Бұл шешім Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес қабылданды.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

458