ruenkz

Елімізде ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді

Салынған уақыты 26.01.2022 16:09

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі қалпына келітірілген ішкі рейстер бойынша ағымдағы ақпаратты жариялайды. Ел аумағында төтенше жағдай режімінің алынып тасталуына байланысты ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта 57 ішкі бағытта 605 тұрақты рейстері орындалуда.

Төтенше жағдай кезінде ұшпай қалған әуе рейстерінің жолаушылары билет құнын толықтай қайтарып немесе сатып алған жерлеріне барып, басқа күндерге тегін ауыстыра алады.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес әуе рейстері Қазақстан Республикасының Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес орындалады.

739