Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiм
Салынған уақыты 24.01.2022 11:47
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Келісімнің негізгі мақсаты - Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін құқықтық база құру.
Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының әуе қатынасын ырықтандыру жөніндегі ұсыныстарына және американдық тараптың ұсыныстарына сәйкес, келісім шеңберінде тараптар әуе компаниялар, межелі пункттер мен жиіліктер саны бойынша, оның ішінде жолаушылар тасымалы үшін «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесімен шектеусіз ұшуды орындай алады.
Бұл келісім ел тарихында «ашық аспан» режимінде бірінші болып табылады, кез келген қазақстандық әуе компания Қазақстанның кез келген қаласынан АҚШ-тың кез келген қаласына жиіліктердің шексіз санымен жолаушылар ұшуын, сондай-ақ АҚШ пункттері мен АҚШ-тан тыс кез келген пункттер арасында жүк ұшуларын орындай алады.
2349