ruenkz

Грузияда Georgian Airways авиакомпаниясы сатылуда

Салынған уақыты 21.01.2022 10:26

«Интерфакс» хабарлағандай, грузиялық Georgian Airways авиакомпаниясы 150 миллион долларға сатылымға шығарылды. Қаңтар айында Тбилиси соты авиакомпанияның 176 миллион лари (56.8 миллион доллар) қарызына байланысты банкроттық рәсімін бастау туралы қаулы шығарды.

Авиакомпанияның қаржылық жағдайы COVID-19 пандемиясына байланысты нашарлады, оған байланысты тасымалдаушы ұшу бағдарламасын тоқтата тұруға мәжбүр болды және ондаған компаниялар мен 16000 жолаушыға қарыз болды.

Естеріңізге сала кетсек, авиакомпания 1993 жылы Airzena деген атпен құрылған болатын. 1999 жылдан бастап ол Грузияның ұлттық тасымалдаушысы болды. 2004 жылдың тамыз айынан бастап ол Georgian Airways деп аталатын болды. Компанияның флотында Boeing 737, Embraer және CRJ ұшақтары бар.

 

2417