Қанша қазақстандық әуе көлігі қызметін пайдаланады?
Салынған уақыты 20.01.2022 12:40
Energyprom.kz мониторингтік агенттіктің мамандарының хабарлауынша, 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында әуе көлігімен 8,6 млн жолаушы ұшты. Жолаушылар саны 2020 жылмен салыстырғанда 73,7%-ға артқан. 2020 жылы пандемия кезінде 5,5 млн жолаушы ұшты, ол алдыңғы жылға қарағанда 36,4%-ға аз болып шықты. Егер біз соңғы бес жылдағы жағдайды қадағалайтын болсақ, онда статистика көрсеткендей, 2016 жылдан бастап әуе көлігі жолаушыларының саны тек өскен, 2020 жылы ғана жағдай өзгеше болды.
Өткен жылы қанша жүк тасымалданды
2021 жылдың 11 айында ұшақтармен 30,6 мың тонна жүк, багаж және жүк-багаж тасымалданды. Тасымалданған жүк саны 2020 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 1,5 есе (20,4 мың тонна) асып түсті. Ал 2020 жылы 23,4 мың тонна жүк пен багаж тасымалданды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 12,4%-ға аз. Сонымен қатар, осы екі жылда тасымалданған жүк көлемі айтарлықтай төмендеді. Әуе көлігімен тасымалданған жүк көлемінің күрт өсуі 2017 және 2018 жылдары байқалды.
Жолаушылар мен жүктер қай қала арқылы жиі ұшады
2021 жылдың қаңтар-қараша айларында әуе көлігімен тасымалданған 8,6 млн жолаушының 6,1 млн-ы Алматы қаласына келді. Бұл 10 жолаушының әрбір 7-уі Алматы әуежайы арқылы ұшқанын білдіреді. Шымкент қаласының әуежайы арқылы 1,9 млн адам, ал астаналық әуежай арқылы 529,2 мың адам ұшып кетті. Жүк тасымалдарына келетін болсақ, әуе көлігімен тасымалданған барлық жүктердің, багаждың және жүк-багаждың жалпы көлемінің 62,8%-ы қайтадан Алматы қаласына келді-19,2 мың тонна. Шымкент әуежайы арқылы 9 мың тонна, Нұр-Сұлтан арқылы - 2,4 мың тонна жүк тасымалданды.
2258