Өзбекстанның барлық әуежайларында жолаушылар мен жүктерді тіркеудің ресейлік жүйесі орнатылады
Салынған уақыты 19.01.2022 16:13
«Сирена» компаниясы Өзбекстан Республикасының 11 халықаралық әуежайында DCS Аstra жолаушылар мен жүктерді тіркеу жүйесін қосу туралы Uzbekistan Airports Өзбекстанның халықаралық әуежайларын басқару жөніндегі бірыңғай операторымен келісім жасады. Uzbekistan Airports компаниясы Өзбекстанның барлық 11 әуежайының бірыңғай атқарушы органы болып табылады. Компанияның негізгі міндеттері әуежайларды дамыту стратегиясын іске асыру, әуе айлақтарының инфрақұрылымын жетілдіру үшін инвестициялар тарту, жолаушыларға, жүктерге, пошта мен багажға қызмет көрсету процесін оңтайландыру, әуежайлардың барлық қызметтеріне қызмет көрсетудің жоғары деңгейін және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.
DCS Аstra (Departure Control System Astra) – бұл жолаушылар мен багажды тіркеу процесінің барлық қажетті операцияларын автоматты режимде орындауды, сондай-ақ маусымдық кестені жүргізуді және тәуліктік ұшу жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін көптілді хост жүйесі.
Осы жүйе бойынша рейстің алғашқы тіркеуін орындаған – Наманган халықаралық әуежайы.
DCS Astra мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Өзбекстан авиатасымалдаушысы өз жолаушыларына, соның ішінде тікелей сайтта рейске тіркелу қызметін ұсына алады. Жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясы жағдайында онлайн тіркелу мүмкіндігі авиакомпания қызметкерлерімен жеке қарым-қатынас қажеттілігін азайтады және сапарларды байланыссыз және қауіпсіз етеді.
2227