ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӨЛҚҰЖАТТАРДА ЖАҢА БЕТТЕР ПАЙДА БОЛАДЫ
Салынған уақыты 18.01.2022 14:39
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексіне төлқұжаттардың өзгеруіне қатысты түзетулер енгізуді ұсынды. Атап айтқанда, шетелге жиі шығатын қазақстандықтар үшін 48 беттен тұратын төлқұжаттар беру ұсынылады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін 48 беттік төлқұжаттың өзіндік құны 52 909,84 теңгені құрайды. Тиісінше, осы санат үшін мемлекеттік бажды 12 АЕК-ке дейін арттыру ұсынылады (ағымдағы жылы 35 004 теңге).
Сонымен қатар, 16 жасқа дейінгі балаларға төлқұжат беру үшін мемлекеттік баж мөлшерлемесін 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін (ағымдағы жылы 23 335 теңгеден 11 668 теңгеге дейін) төмендету, сондай-ақ беттер санын 22-ге дейін азайту жоспарлануда.
2297