ruenkz

Елдегі төтенше жағдай кезінде аэронавигациялық қызмет көрсетуді жүзеге асыру

Салынған уақыты 10.01.2022 08:34

"Қазаэронавигация" РМК ұжымы соңына дейін антына адал болып, халқымызды қорғау жолында қаза тапқан батырлардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Олар туралы естелік біздің жүрегімізде мәңгі қалады.

Кәсіпорын осы қысылтаяң кезеңде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде тәулік бойы аэронавигациялық қызмет көрсетіп, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Қазақстанның әуе кеңістігін басқару жұмысы бір минутқа да тоқтаған жоқ және толық көлемде, шектеусіз атқарылды.

Төтенше жағдай кезінде ұшуды үздіксіз қамтамасыз ету және персоналды жұмыс орнына уақытылы жеткізу шаралары қабылданды.

Оңтүстік-Шығыс әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығында, сондай-ақ басқа филиалдарда арнайы жұмыс кестесі қолданылды.

Авиадиспетчерлердің ұйымдасқан жұмысының арқасында Қазақстанға ҰҚШҰ біріккен бітімгершілік контингентінің келуі мүмкін болды.

Кәсіпорынның радиотехникалық жабдығы үздіксіз жұмыс істеп тұр.

Кәсіпорынның операциялық қызметі Қазақстан Республикасының барлық аумағында штаттық режимде жүргізілуде және авиакәсіпорындар мен әуежайлар тарапынан әуе қатынасы қалпына келтірілгеннен кейін, көптеген қазақстандықтар межелі жеріне бара алатын болады.

Бүгінгі жағдайды ескере отырып, осы бағыттағы жұмыс жалғасын табатын болады.

2554