ruenkz

Халықаралық әуе рейстері бойынша ақпарат

Салынған уақыты 11.01.2022 10:22

2022 жылғы 11 қаңтарда Нұрсұлтан қаласынан/қаласына Мәскеу, Минск, Дубай, Варшава, Франкфурт, Ташкент, Пхукет, Новосибирск, Коломбо, Анталия, Кутаиси қалаласынан/қалаларына 27 халықаралық рейсті орындау жоспарланып отыр. Рейстерді тоқтату жоспарланбаған.

Ақтау, Шымкент, Түркістан қалаларынан Гоа, Ыстамбұл, Махачкала, Грозный қалаларына 8 халықаралық рейс орындау жоспарланып отыр, Алматы және Ақтөбе қалаларынан Ыстамбұл, Дубай, Мале, Ташкент, Мәскеу, Самарқанд, Коломбо, Шарджа, Баку, Нүкіс қалаларынан/қалаласына 20 рейс орындалмады.

ҚР бойынша барлығы 35 рейсті орындау жоспарланып, 20 рейс тоқтатылды.

«Lufthansa» және «Tukrish Airlines» авиакомпанияларының рейстерін қоспағанда, Нұр-сұлтан қаласындағы халықаралық әуе қатынасы толығымен қалпына келтірілді.

149