ruenkz

"Қазаэронавигация" РМК "Орталық Қазақстан ӘҚҰ ӨО" филиалында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жиналыс өтті

Салынған уақыты 29.12.2021 15:24

"Қазаэронавигация" РМК "Орталық Қазақстан ӘҚҰ ӨО" филиалында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жиналыс өтті.  Жиналыста  Қазақстан Республикасының әнұраны салтанатты түрде орындалды.  Филиал директоры филиалдың 30 жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы баяндама жасап, үздік мамандарды Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Ұжым ӘҚҚ қызметінің ӘДО диспетчері Абдуллин Мейірбектің домбыраның сүйемелдеуімен орындаған  "Дала", "Желтоқсан желі" музыкалық нөмірлерін жоғары бағалады. ҚЖБ  мемлекеттік тіл маманы Амангелді Айғаным "Отан" өлеңін оқу арқылы  тыңдаушыларға  туған жерге деген шынайы сүйіспеншілікті сезіндіре алды.

Салтанатты іс-шараны метеорологиялық қызметтің  метеорологиялық бақылау жүргізу  кешенінің технигі Татьяна Кучеренко, Абдуллин Мейірбек және Айғаным Амангелді "Туған жер" музыкалық нөмірімен мәресіне жеткізді.

170