ruenkz

Airbus өндірісті үлкейтді жоспарлап отыр

Салынған уақыты 28.12.2021 15:48

Kursiv.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып, танымал Airbus тар фюзеляжды ұшақтарына тапсырыс беретін авиакомпанияларға екі жылға жуық уақыт күтуге тура келеді, өйткені бұл ұшақтардың өндірісі шектеулі екенін хабарлайды.

Airbus компаниясының бас коммерциялық директоры Кристиан Шерердің айтуынша, орта магистральдарда қолданылатын A320 үлгісіндегі ұшақтарға сұраныстың көп болғаны соншалықты, бұл ұшақтарға ірі тапсырыстар енді 2024-2025 жылдарға қабылданатын болады. A320 мен A321, A220 ұшақтарына деген сұраныс авиакомпаниялардың өз паркін энергияны үнемдейтін ұшақтармен толықтыруға ұмтылуымен байланысты.

Airbus A320 тектес лайнерлер өндірісін 2023 жылға қарай айына 65-ке дейін және 2025 жылға қарай айына 75-ке дейін арттыруды жоспарлап отыр. 2019 жылы компания айына 60 ұшақ шығарды, бұл рекордтық деңгей, бірақ өткен жылы коронавирустық пандемияға байланысты өндіріс айына 40 ұшаққа дейін төмендеді. Бұған дейін Airbus SE концерні компоненттердің кешігуіне байланысты қазан айында коммерциялық ұшақтарды жеткізуді ақпан айынан бастап барынша қысқартты деп хабарланған болатын.

2325