ruenkz

Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 2021 жылдың 15 желтоқсаны күні «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалында салтанатты шара болып өтті

Салынған уақыты 20.12.2021 12:28

Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 2021 жылдың 15 желтоқсаны күні «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалында салтанатты шара болып өтті. Шараға барлық қызметкерлер белсене атсалысты. Мерекелік шара шымылдығы  филиал директоры Б.Молдалиевтің құттықтау сөзімен ашылды.  Құттықтау сөзден кейін марапаттауға кезек берілді.  «Қазаэронавигация» РМК Бас директорының және «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалы директорының бұйрығымен жұмысында атқарған мінсіз қызметімен және жоғары кәсіптік біліктілігімен ерекше көзге түскен  филиал қызметкерлері медальмен және құрмет грамоталарымен марапатталды. 

2107