Ұлттық мерекені атап өту «Қазаэронавигация» РМК филиалдарында да жалғасын тапты
Салынған уақыты 15.12.2021 14:16
Атырау филиалында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шарада «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалының директоры Алдияров Марат Жұматұлы құттықтау сөз сөйледі:
- Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу жылнамасы 1465 жылдан басталады. Бұл Қазақ хандығының құрылған жылы. Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі шежіресі 1991 жылдың 16 желтоқсанынан басталады. Бұл күні Қазақстан өзін тәуелсіз егемен мемлекет деп жариялап, өз тарихында жаңа белестерді бағындырып, өз дамуында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктеріне тоқтала отырып, ол әріптестерін Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, еңбек қызметі үшін алғысын білдірді, Қазақстанның игілігі жолындағы жауапты жұмыстарына табыс тіледі.
Айтулы күнге орай Атырау филиалының ұжымы зейнеткерлік жасқа толған әкімшілік-шаруашылық бөлімінің қызметкері Асқар Әкімғалиұлы Оразғалиевті құрметпен шығарып салды.
«Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.
Филиалда Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының иегерлері – «Құрметті авиатор» төсбелгісінің иегерлері – Сергей Николаевич Коваль, Николай Николаевич Сытник, Дмитрий Васильевич Бухало еңбек етуде.
2015 жылдың желтоқсан айында Көлік қызметкерлері күніне орай, елеулі еңбегі үшін
ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрмет грамотасымен – РТЖБП қызметінің бастығы Владимир Иванович Ясаков марапатталды.
Кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі және адал еңбегі үшін «Қазаэронавигация» РМК
бас директорының Құрмет грамотасымен марапатталғандар аз емес: В.А. Ааб, Ю.В. Глухов, Р.Р. Гайнутдинов, С.И. Камерист, А.А. Қырғызалин, В.В. Моргулец, Р.Р. Яруллин, В.Л. Гакштетер, К.Ж. Инсепова, Г.М. Манапбергенов.
Филиал өз ісінің мамандары мен білікті мамандарға бай, сонымен қатар корпоративтік мәдениетті құрайтын дәстүрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға ерекше мән береді.
Кәсіпорынның даму бастауында тұрған филиалдың жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне мереке қарсаңында филиал директоры Ф.Б. Құнанбаев ұжым атынан құттықтау хат жолдады.
Салтанатты жиналыста филиал мамандары дайындаған «Жол кезеңдері» презентациясы көрсетілді. Мұнда филиал тарихы, 1995 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін пайдалануға берілген радиолокация, радионавигация және байланыс құралдары туралы мәліметтер, кәсіпорын дамуының бастауында тұрған қызметкерлер туралы ақпарат жинақталған.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Қостанай филиалында мини-футболдан жарыстар өткізілді, іс-шараны ұйымдастырушы Кәсіподақ комитеті болды. Жарыстарға Қостанай әуежайының аумағындағы компаниялардың: «Қазаэронавигация» РМК Қостанай филиалы, «Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ, Қостанай қ. ӘҚБ орталығы және ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ӘҚК әскери бөлімі, Қостанай әуежайындағы полицияның желілік бөлімі өкілдері қатысты.
Үздік ойыншы болып ӘҚҚ қызметінің диспетчері Әлібек Нұрғалиев бірауыздан танылды. Тәуелсіздік күніне арналған жарыстардың барлық қатысушылары сыйлықтармен марапатталды.
Спорттық іс-шаралардың жоғары мәдени құндылығы – бұл ұжымдар арасындағы достықты нығайту!
2389