ruenkz

ҚР ИИДМ басшысы Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік марапаттарды табыс етті

Салынған уақыты 15.12.2021 12:18

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес марапатталған вице-министрлерге, аппарат басшылығына, Комитеттер, Департаменттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалін тапсырды. 

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен:

Азат Ғаббасұлы Бектұров – «Қазаэронавигация» РМК бас директоры;

Алексей Анатольевич Знайченко – «ОҚ ӘҚҰ ӨО» филиалы ӘҚҚ Қызметінің бастығы;

Ерболат Кошкинбаевич Кудусов – Орал филиалы ӘҚҚ Қызметінің диспетчері;

Вячеслав Юрьевич Лягалин – «ОШ ӘҚҰ ӨО» филиалы ӘҚҚ Қызметінің АДО аға диспетчері марапатталды.

316