ruenkz

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күнімен!

Салынған уақыты 15.12.2021 10:00

Құрметті «Қазаэронавигация» РМК қызметкерлері!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Осыдан 30 жыл бұрын, 1991 жылғы 16 желтоқсанда бұл мереке жаңа егемен және тәуелсіз Қазақстан Республикасының дүниеге келуінің белгісі ретінде пайда болды.

Тәуелсіздік алған сәттен бастап халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктерімен және айтулы өзгерістермен жалғастыра білді.

Тәуелсіздік жылдары біздің кәсіпорын да айарлықтай көп жұмыс атқарды.

Аэронавигациялық инфрақұрылымды дамыту мақсатында қазіргі заманғы навигациялық, радиолокациялық және байланыс кешендері орнатылуда.

Еліміздің барлық әуежайлары қажетті аэронавигациялық жабдықтармен жарақталған.

Аэронавигациялық жүйенің техникалық жабдықталуы тұтастай ең үздік сипаттамаларымен ерекшеленіп, ИКАО-ның барлық талаптарына сай келеді.  

Кәсіпорын табысқа ұжымның күш-жігерінің, ұйымшылдығының және кәсіпқойлығының арқасында қол жеткізді. Осы жылдар ішінде біз ортақ мақсаттар мен міндеттерді көздеген дос әрі ниеттес ұжымға айналдық.

Сіздерге тұрақтылық, жетістік, мықты денсаулық, сәттілік, отбасында амандық, Қазақстан Республикасының игілігі үшін табысты еңбек етуді тілейміз!

Мереке құтты болсын!

288