Ақтау әуеайлағындағы ІҚО бойынша үйлестіру оқулары
Салынған уақыты 09.12.2021 15:21
2021 жылы 7 желтоқсанда Ақтау әуежайында «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалы жауапкершілік аймағында іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бойынша үйлестіру оқулары ұйымдастырылды. Оқуға ӘҚҚ қызметі диспетчерлерінің кезекшілік ауысымы, «Казавиаспас» әуекомпаниясының вертолет экипажы және Ақтау әуежайының апаттық-құтқару командасы жұмылдырылды.
Жоғарыда баяндалған оқулардың мақсаты олардың дағдыларын, өзара әрекеттесу жүйесін, барлық іздеу-құтқару күштері арасындағы үйлестіру мен байланысын оның ішінде Ақтау әуеайлағында орналасқан әуе кемесінің іздеу-құтқару экипажының және ӘҚҚ қызметінің кезекші ауысымының дайындығын тексеру болатын.
Ұсынылған «аңызға» сәйкес «ТрансОйлСервис» әуекомпаниясының Ан-2 әуе кемесінің шартты рейсі Атырау-Ақтау бағыты бойынша ұшты. «Мұнара» ДП диспетчерлік жауапкершілік аймағына кіргеннен кейін 33 миль қашықтықта ӘК экипажы май қысымының төмендеуіне байланысты қозғалтқыш жұмысының тұрақсыздығы және Ақтау әуежайында ұшуды жалғастыруға қатысты шешім қабылдау туралы баяндады. Көп ұзамай экипаж қозғалтқыштың істен шыққандығын және әуайлағынан тыс жерге қонуға шешім қабылдау туралы баяндады. Нәтижесінде әуежағдайын бақылау индикаторында ӘК белгісі жоғалып, диспетчердің бірнеше шақырғанына экипаж жауап бермеді.
ӘҚҚ қызметінің кезекшілік ауысымы апаттық хабарландыру жариялап, құтқару қызметімен бірлесіп өзара жұмыс жасады. Іздеу-құтқару шаралары жөніндегі іздестіруді үйлестіру орталығының пәрменімен ЕС-145 іздеу тікұшағы көкке көтерілді, апатқа ұшыраған ӘК іздеу жұмыстары жүзеге асырылды.
Оқу үдерісі кезінде іздеу-құтқару шараларын жүзеге асыратын барлық күштер мен құралдар арасындағы өзара әрекеттесу мен үйлестіру шаралары пысықталды.
1738