ruenkz

«Қазаэронавигаци» РМК Ақтау филиалы қызметкерлері арасында спорттық-көпшілік іс-шара өткізілді

Салынған уақыты 08.12.2021 09:39

«Қазаэронавигаци» РМК Ақтау филиалы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 2021 жылдың 4 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай спорттық-көпшілік іс-шара  өткізілді. Қызметкерлер кәсіподақ комитеті ұйымдастырған шараға белсене қатысты. Жарыс спорттың боулинг және бильярд түрлері бойынша ұйымдастырылды. Өткізілген шараға барлық қатысушылар спортқа деген ерекше ынтамен және үлкен қызығушылықпен ат салысты. Жарыс  қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастыру алқасының дипломдарымен марапатталды.

1826