Азаматтық авиация саласының 2021 жылғы қорытындылары
Салынған уақыты 07.12.2021 11:04
2021 жылы авиация саласы коронавирустық пандемияның таралу салдарына бейімделуді жалғастырды, осыған қарамастан ағымдағы жыл жетістіктерге бай болды.
Ең маңызды жетістіктердің бірі – ИКАО-ның Үйлестірілген валидация миссиясының (ICVM) бөлігі ретінде ИКАО аудиторларының саланың тәуелсіз аудитін сәтті өткені. Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84%-ға дейін арттырды, бұл орташа әлемдік көрсеткіштен 15%-ға жоғары.
Қазіргі уақытта осы көрсеткіш бойынша біз Нидерланды – 87%; Бельгия – 87%; Португалия – 87%; Чехия – 87%; Латвия – 86%; Дания – 85%; Исландия – 84%; Польша – 84%; Словения - 82%, Кипр - 82% сияқты көшбасшы елдермен бір қатардамыз.
Ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің, Еуропалық Одақ елдерінің авиациялық билік органдарының өкілдерінің қатысуымен Еуропалық комиссияның және АҚШ Көлік қауіпсіздігі әкімшілігі (TSA) сарапшыларының сапарлары жүзеге асырылды.
2511