ruenkz

Ресейде VIP-Суперджет жасап шығарды

Салынған уақыты 02.12.2021 16:26

Ресейлік біріккен авиация корпорациясы ұшу ұзақтығы ұлғайтылған, Суперджет 100 азаматтық авиалайнері негізінде жасалған VIP-ұшақпен таныстырды. Әуе кемесінің салоны люкс автомобильдер шығаратын Аurus брендімен бірлесіп жасалған және Aurus Business Jet деген толық атауға ие болды.

Жобаға қатысатын Иркут корпорациясы VIP-Суперджеттің басты артықшылығы кабинаның көлемі екенін айтты. Оның төбесінің биіктігі 2,1 метр, ал ауданы – 118 текше метр. Салонда бір уақытта асхана, дивандары бар демалыс бөлмесі функциясын орындай алатын келіссөздер бөлмесі мен толыққанды душ қабылдау бөлмесі бар, және бұл VIP-ұшақтар үшін стандарт болып саналады. Aurus нұсқасындағы Суперджет-100 ұшу диапазоны негізгі жолаушыларға арналған модельмен салыстырғанда, екі есеге артып, 7 200 км дейін жетті. Бұл көрсеткіш Мәскеуден Владивостокқа дейін жолда жанармай құймай ұшып баруға мүмкіндік береді.

Жаңа люкс-ұшақтың тағы бір ерекшелігі — жолаушыларға қажетті өлшемдегі траптары жоқ әуеайлақтарда да ұшақтан шығуға мүмкіндік беретін кіріктіріліп орнатылған электр трап. Aurus Business Jet 2022 жылы сертификат алмақшы. Интерьерді жасауға шамамен 900 миллион рубль (12 миллион доллар) жұмсалды.

2458