ruenkz

БАӘ билігі Emirates авиакомпаниясының IPO жоспарлауда

Салынған уақыты 30.11.2021 08:41

БАӘ билігі Emirates мемлекеттік авиакомпаниясының акцияларын IPO арқылы сата алады, деп мәлімдеді Emirates президенті Тим Кларк Дубайдағы авиасалонда, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Осы аптаның басында бұл мүмкіндік туралы Asharq TV-ге берген сұхбатында Emirates Group бас атқарушы директоры шейх Ахмед бин Саид Аль Мактум хабарлады. Ол авиакомпанияның және оның бөлімшелерінің акциялары Дубайдың қор биржасында орналастырылуы мүмкін екенін атап өтті.

«Emirates болашақ инвесторлар үшін тартымды актив болып табылады. Пандемия бізді артқа тастады, бірақ Emirates тиімді компания екенін бәрі жақсы біледі. Біз келесі алты-сегіз ай ішінде табыстылықты қалпына келтіреміз. Біз бұған қол жеткіземіз», - деді Тим Кларк.

2441