ruenkz

Қазақстандықтар Қарағанды қаласының әуежайында цифрлық жеке куәлікті пайдалана алады

Салынған уақыты 29.11.2021 16:23

Қарағанды қаласының әуежайында жеке деректерді растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті ұсыну мүмкіндігі пайда болды. Бұрын бұл қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Атырау, Тараз және Петропавл қалаларының әуежайларында қолжетімді болатын.

Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile-да авторландырылған пайдаланушы "цифрлық құжаттар" сервисіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет. Әуежайдың тіркеу тағанында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет.

Қазақстандықтарда ішкі рейстерде цифрлық жеке куәлікті пайдалану мүмкіндігі Азаматтық авиация комитетінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ның, Қазақстан Республикасының әуе компаниялары мен әуежайларының және "Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ-ның жүйелерді интеграциялау бойынша бірлескен жұмысының арқасында пайда болды.

Цифрлық құжаттар сервисі пилоттық режимде жұмыс істейді және цифрлық құжаттар бойынша ұшулар тек Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Атырау, Тараз, Петропавл және Қарағанды қалалары арасында қолжетімді. Жоғарыда аталған әуежайларда сервисті пайдалануды жоспарлап отырған жолаушыларға жобаның пилоттық кезеңде жеке куәлігінің түпнұсқасын алып жүру ұсынылады.

248