Авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі мемлекетаралық кеңес сессиясы
Салынған уақыты 29.03.2018 10:04
2018 жылғы 15 наурызда Баку қаласында Авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 36-шы сессиясы өтті.
Кеңес сессиясы барысында төмендегідей ауқымды мәселелер қарастырылып, талқыланды:
ИКАО-МАК жобасын іске асыру;
Өңірдің азаматтық авиациясындағы ұшу қауіпсіздігінің жай-күйі;
Авиация қағидаларының жүйесін жетілдіру және оларды әрі қарай ИКАО стандарттарымен және ИАТА ұсынымдарымен үйлестіру;
Мемлекетаралық кеңестің/Мемлекетаралық авиациялық комитеттің әуе қозғалысын ұйымдастыруды және аэронавигациялық қамтамасыз етуді жетілдіру саласындағы бастамалары;
авиакөлік қызметін ырықтандыру, Келісімге қатысушы мемлекеттер халқының авиациялық қызметтерге қолжетімділігін арттыру және ИКАО, ИАТА-мен бірлесе отырып, авиация мамандарын даярлаудың халықаралық бағдарламасын іске асыру;
ғылыми-зерттеу және сараптамалық қызметті дамыту, МАК қаржылық аудиті, Мемлекетаралық кеңестің/Мемлекетаралық авиациялық комитеттің қызметін әрі қарай жетілдіру және т.б.
Сонымен қатар, Мемлекетаралық кеңестің/Мемлекетаралық авиациялық комитеттің ИКАО Ассамблеясының 39-шы сессиясының соңғы шешімдерін, ИКАО-МАК 2016 жылғы мерзімсіз келісімін және ИАТА-мен келісімді іске асыру жөніндегі бастамалары талқыланды.
Мемлекетаралық кеңес сессиясының жұмысына «Қазаэронавигация» РМК бас директорының орынбасары М.М.Дәуітәлиев қатысты.
1568